Материалдар

Құрметті БАҚ өкілдері!

 

 

 

2018 жылғы 22 ақпанында «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан филиалы Белоусовка к. және Риддер қаласындағы облыс орталығына жақын орналасқан бөлімшелері бойынша баспасөз – турын ұйымдастырады. 

Баспасөз- турына ШҚ филиалы директорының орынбасарлары С.С. Бахарев, В.В. Трофимов қатысады.

 

Жиналу орны: Абай даңғылы 102/25, «КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК ШҚ филиалының штабы ғимараты.

Уақыты: 08.00

Жолға шығу уақыты: 08.30 

Риддер қ. келу: 11.30

 

  Сағат 11.45 Риддер жедел әскерилендірілген тау-кен құтқару взводында ( бұдан әрі ЖӘТҚВ) оқу шахтасындағы зақымданғандарды құтқаруға тау-кен құтқару бөлімшесінің жедел шығуы көрсетіледі.

Сонымен қатар ӨЖШ, АҚТҚ және КСС, шаң-газ талдау зертханасының қызметімен танысуға мүмкіндік берілмек.  

ӨЖШ – Риддер қ. болып табылатын өндірістік-жөндеу шеберханалары, индикаторлық түтікшелер мен АМ-5 аспираторынан тұратын ГХЖ кеніш атмосферасына жылдам талдаулар жасау аспаптары өндіріледі. Индикаторлық түтікшелер тікелей шахталардың тау-кен қазбаларында, кеніш ауасындағы газ құрамдастарының мөлшерін жылдам анықтау үшін арналған және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында кен мен тау-кен құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде газ ортасының құрамына бақылау жасау үшін қолданылады.

АҚТҚ – ауа-қысымдық түсірім қызметі шахталардағы желдетісіне бақылау қызметі болып табылады, тікелей әр жұмыс орнының ауамен қамсыздығы, қазбалар желісі бойынша депрессияның таралымы мен барлық шахтаның және жекелеген қазбалардың аэродинамикалық  кедергісін

анықтауға мүмкіндік береді. Шахталардағы тау-кен қазбаларын ауаның есептік шығынымен қамтамасыз етуіне бақылау, қызмет көрсетілетін кеніштерінде кен жұмыстарын жүргізудің қауіпсіз жағдайларын жасау бойынша басты міндеттердің бірі болып табылады.

Сонымен қатар зор әрі маңыздылығы кем емес жұмыс - жер бетінде жүргізіледі, зертханаларда кеніш атмосферасына зерттеулер жүргізіледі. Кеніш ауасында әр түрлі газдар улы мен жарылыс қауіпті шоғырлануыларының мөлшері  - жер астындағы жұмыстары кезінде ең негізгі қауіпті факторларының бірі болып табылады. Зертханашылардың жұмысына атмосфераның қауіпсіздігін бақылау, экологиялық мониторинг, шаң-газ мөлшеріне бақылау жасау кіреді.

КСС – арқын -сынау станциясы Қазақстанның барлық тау-кен шығару салаларындағы өндірісінің кеніштері үшін темір арқандарға сынаулар жүргізеді. Бұл беріктік пен сенімділікке, кеніш көтерілістеріндегі клетьтерінде көтеру мен түсіру кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған сынаулар. Солардың тұжырымдары бойынша шахта арқандарының  жарамдылығы немесе жарамсыздығы туралы куәліктері  беріледі.  Қазіргі КСС сынауларды жүргізуге тиісті құжаттамамен, қажетті құрал-саймандармен жабдықталған.

13.30 Тишин ЖӘТҚВ динамометр қолданылуымен жылу камерасында көрсетпе жаттығу жұмыстары  өткізілмек.

14.00-14.40 Түскі ас.

Белоусовка к. 14.45. шығу.

Келу 17.00

Белоусов ЖӘТҚВ БАҚ өкілдері үшін авариялық-құтқару жабдығы мен жарақтандыру көрмесі ұйымдастырылады, сонымен қатар дабыл  бойынша өртті сөндіруге өрт сөндіру көлігінде бөлімшенің жиналуы мен шығуы.

 

 

«КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК ШҚ филиалының

баспасөз-хатшысы                                                                      Е.Қ. Зиядан

 

 

 

 

Моб: 8 777 06 555 07

Эл.пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.