Қоғам белсенділері білім саласындағы мәселелерді шешпек

Дүйсенбі, 02 Қазан 2017 09:23

ШҚО-да білім саласындағы мәселелер бойынша сараптама жұмыс тобы құрылды. Аталған топтың құрамына ата-аналар, білім саласының, мемлекеттік органдардың, саяси партиялар мен бизнес-құрылым өкілдері енді.

Білім саласындағы мәселелер адамардың көбін алаңдатады, сондықтан жиналысқа қатысушылар бірден топқа мүше боламыз деген шешім қабылдады.

Облыстық маслихат депутаты Олег Чернышовтың ойынша, білім саласындағы мәселелер мектепке ғана емес, сондай-ақ балабақшаларға, кәсіби және жоғары оқу орындарына қатысты болып келеді. Сондықтан жұмыс тобы деңгейлеп жұмыс істеп, барлық күрделі мәселелерге көңіл бөлмек.
- Аталған топтың келешегі бар, әрі қазіргі кезде ол өте өзекті. Білім саласындағы мәселелерді шешуге талай адамдар әрекеттенген еді, алайда олардың көбі сәтсіз болып шықты. Қазіргі кезде осы топтың құрамына ата-аналар мен мемлекеттік органдар өкілдерінен бөлек тәуелсіз сарапшыларды да енгізу керек. Ал мұндай сарапшылар ретінде мен зейнетке шыққан, кәсіби біліктілігі мен зор тәжірибесі бар мұғалімдерді айтар едім, - деді қоғам белсендісі Индира Какимова.

Облысымыздың білім саласында проблемалар аз емес екені белгілі, солардың қатарында: қазіргі оқулықтардың мазмұны, осы уақытқа дейін тұрақтанбаған оқу кестесі. Осы мәселелермен қатар жұмыс тобы жаңартылған оқу бағдарламасын өз отырыстарында талқылайтын болады.

Еске түсірсек, ШҚО Қоғамдық кеңесінде 10 шақты сараптама тобы бар. Олар денсаулық сақтау, экология, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық салаларының, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және т.б. мәселермен айналысады. Жұмыс топтарының мүшелері мониторингтер, рейдтер өткізіп, нақты мәселелерді шешуге қатысты өз ұсыныстарын жасайды. Сараптама жұмыс топтарына Қоғамдық қабылдау арқылы 57-89-56 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Гульжан Естаева