Қайта оңалту шаралары.

Бейсенбі, 31 Мамыр 2018 17:40

ШҚО Талдау және болжау институтының ғимаратында мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сараптама жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Мүгедектерді қайта оңалту тақырыбына арналған бұл отырысқа ШҚО денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, сондай-ақ ШҚО кәсіпкерлер палатасының және «Даму» фондының өкілдері қатысты. 

Отырыс басында жұмыс тобының жетекшісі Ольга Кузовлева топтың 2017 жылы атқарған жұмысына қысқаша тоқталып, бұл жұмыстың ағымдағы жылы да атқарылатынын атап өтті.

Баяндама жасаған «ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының емдеу алдын – алу жұмысы жөніндегі орынбасары Ілияс Мұхамеджан мүгедектерді оңалтудың жеке жоспарын іске асырудағы жұмыстың бір ретке келтірілгенін атап өтіп, осының арқасында бұл көрсеткіштің 82%-ден 88,2% дейін өскенін хабарлады.
Талқылау барысында естуі бойынша мүгедектерге оңалту жоспарын дайындау барысында кеткен кемшіліктер туралы айтылып, олардың осының кесірінен ыммен сөйлеу мамандарының көмегіне жүгіне алмауы тілге тиек етілді.
Сол арада сараптама жұмыс тобының мүшелері бұндай олқылықтардың қайталанбас үшін барлық мүдделі тараптардың қатысуымен отырыс өткізу туралы ұсыныс берді.

Екінші сұрақ С. Аманжолов атындағы ШҚМУ өкілдерінің төменвольтты сақтандандырғыштарды қала кәсіпорындарының бірінде дайындап шығару бойынша жобасына арналды. Жобаны іске асыру мүгедектерге арналған 100 тарта жаңа жұмыс орнымен облысымызды, қазіргі уақытта жақын шетелден тасымалданатын, отандық өнімнің бірнеше түрімен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыс тобының мүшелері жобаны толықтай қолдап, кәсіпкерлер палатасына жобаға қаржылай демеу бере алатын азаматтарды іздестіру бойынша көмек көрсету туралы хат жолдауға шешті.

Сонымен қатар отырыс барысында паллиативті көмек, нысандарды қозғалысы шектеулі тобы өкілдеріне бейімдеу, жатқан науқастарды емдеу процедураларына тасымалдау және тағы да басқа көптеген сұрақ қарастырылды.