Зырянда облыстық және аудандық қоғамдық кеңестердің бірлескен отырысы өтті

Дүйсенбі, 11 Маусым 2018 15:39

ШҚО ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Зырян қаласында аудан мен Облыстық қоғамдық кеңестердің бірлескен отырысы болып өтті.

Зырян ауданы бас бостандығынан айыру орындарынан босап шығып, пробация қызметінде есепте тұратын адамдар саны ең көп аудандардың бірі, ұзын саны 250 адамды құрайды. Осы орайда ауданда өткен қоғамдық кеңес отырысында да осы категорияның мәселелері талқыланды.
- Жазасын өтеп, арнайы орындардан босап шыққан адамға қоғамның басқа мүшелеріне жасалғандай, жақсы өмір сүруге жағдай жасалуы керек. Осы орайда оларды сауықтыру, жұмыспен қамтамасыз етумен айналысып, баспанасы болуын қадағалау керек. Олардың бұрыс жолға айналып қатпауына қоғам өз үлесін қосуы тиіс. Біздің жұмыс тобымыз осы мәселелермен айналысады, - деді Виктор Дак. – Аталмыш категориядағы адамдар көп болғандықтан, аудандық қоғамдық кеңес осы тақырыпты да назардан тыс қалдырмауы тиіс.

Басқосу барысында бұдан басқа бизнес бойынша жұмыс тобы мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселесімен айналысатын жұмыс топ өкілдерінің жұмысы туралы есептері тыңдалды.