Жұмыс тобының мүшелері атқарылған шаралар туралы есеп берді

Жұма, 22 Маусым 2018 14:34

ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сараптама жұмыс тобының мүшелері, 21 маусым күні өткен отырыста маусым айында атқарылған жұмысы туралы есеп берді.

Мысалға, жұмыс тобының мүшесі Василий Кулик облыстық Қоғамдық кеңес жұмыс тобының құрамында Жарма ауданындағы көшпелі отырысқа қатысқаны туралы баяндады. Отырысқа Жарма аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс барысында В. Кулик жұмыс тобының тәжірибесімен бөлісіп, Өскемен қ. азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен оң шешімін тапқан мәселелер туралы баяндады. Облыстық Қоғамдық кеңес көшпелі отырысының тағы бір қатысушысы, бұл арада Зырян ауданында, Елена Баус 5 маусым күні Зырян ауданында көтерілген мәселелер туралы хабарлады. Оның айтуынша, Зырян қ. мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған оңалту орталығын ашу қажеттілігі туындапты.

Сонымен қатар, сараптама жұмыс тобының мүшелері тұрғындардың қозғалысы шектеулі топтарына қолжетімділігін тексеру мақсатында тексерілетін нысандардың тізімін анықтады.