Шығысқазақстандық делегаттар ІІ республикалық қоғамдық кеңестердің мәжілісіне қатысып қайтты

Сейсенбі, 12 Ақпан 2019 09:13

Шығыс Қазақстан облысының қалалық, аудандық және облыстық қоғамдық кеңестерінің өкілдері Астана қаласында өткен ІІ Республикалық қоғамдық кеңестердің мәжілісіне қатысып қайтты.

Мәжілістің басты мақсаты – қоғамдық кеңестер туралы заңды жетілдіруге қатысты ұсынымдар әзірлеу, тәжірибе алмасу және қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін механизмдермен бағыттарын айқындау.

Шығысқазақстандық делегаттар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Олег Чернышов өңірдегі қоғамдық кеңестердің қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру үлгісі туралы айтты.
Мәжіліс барысында қоғамдық кеңестердің сапалық құрамы, мүшелерінің белсенділігі, ұсынымдарының тиімділігі туралы көптеген пікірлер айтылды.