Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің 2018 жылғы қызметі туралы ақпарат

Сәрсенбі, 13 Ақпан 2019 18:08

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің қызметі Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық кеңестер қызметі арқылы аймақтарды басқаруға тұрғындарды жұмылдыру жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының аясында іске асырылды, бұл тапсырысқа конкурстық негізде «Жергілікті өзін-өзі басқару орталығы» қоғамдық қоры ие болды. Бұл мақсатқа 2018 жылы 17,15 млн.теңге бөлінген.

Жобаның аясында қалалық және аудандық кеңестердің қызметін әдістемелік қолдауды және үйлестіруді қамтамасыз ету, «Пайдалы кеңес» интерактивті жобасы арқылы халықпен «кері байланыс» ұйымдастыру жұмыстары, «Қоғамдық қабылдау», «Шұғыл желі», «Ашық есік күні» жұмысы іске асырылды. 

Сонымен қатар аумақтық кеңестердің қатысуымен облыстық Қоғамдық кеңестің көшпелі отырыстары; сарапшылар жұмыс топтарының отырыстары, облыстық Қоғамдық кеңестің сарапшылар жұмыс топтары мүшелерінің қатысуымен көшпелі қоғамдық рейдтер өткізілді; Қоғамдық кеңес мүшелеріне, мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, ауыл әкімдеріне оқытулар өткізілді; жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және аумақтарды басқару үрдістеріне халықтың қатысуын кеңейту мәселелері бойынша оқыту семинарлары өтті.
2018 Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 120 іс-шара өткізген, олардың ішінде:
қоғамдық тыңдаулар форматындағы Қоғамдық кеңестің 11 отырысы;
Қоғамдық кеңестің сарапшылар жұмыс топтарының 70 отырысы;
халыққа тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің аясында медициналық қызмет көрсетуге, шұғыл медициналық көмек көрсетуге, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін анықтау үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында Өскемен қ. (13), Бородулиха ауданынының (1), Шемонаиха ауданынының (2) медициналық мекемелеріне 16 рейд, Шығыс Қазақстан облысындағы өзендердің жай-күйіне мониторинг жүргізу бойынша, ауылдық округтер әкімдерінің тарапынан аудан тұрғындарына кәсіпкерлік қызметке көмек көрсету үдерісіне мониторинг жүргізу бойынша, мәдени және тарихи ескерткіштердің жай-күйіне мониторинг жүргізу бойынша сарапшылар жұмыс тобының 5 рейді;
Облыстың қалалары мен аудандарында ШҚО Қоғамдық кеңесі сарапшылар жұмыс топтарының 18 көшпелі отырыстары өткізілді.
Есептік кезең ішінде 152 норматитвтік құқықтық актінің жобасы, оның ішінде:
төмендегі бағыттар бойынша:
 бюджетке өзгерістер енгізу және бюджеттің орындалуы бойынша – 7;
 жер қатынастары саласында - 5;
 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша - 5;
 ауыл шаруашылығы саласында – 23;
 білім беру саласында – 11;
 мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту бойынша – 9;
 су қорғау аймақтарын және су қорғау алқаптарын белгілеу бойынша– 48;
 басқа бағыттарда – 44
• облыс маслихатының 28 шешімі,
• облыс әкімдігінің 124 қаулысы қаралды.
Мемлекеттік органның 2 басшысының «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы бағыттарының іске асырылу барысы туралы 2 есебі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы қорытындысы және 2018 жылы келешекті дамуы туралы» есебі тыңдалды.
2018 жылы Қоғамдық кеңестің қызметі туралы БАҚ-та 301 материал жарық көрді, оның ішінде:
 электронды БАҚ-та – 9 сюжет
 баспа БАҚ-та – 153 мақала
 интернет-ресурстарда – 64 жарияланым
 әлеуметтік желілерде – 75 жарияланым жарық көрді.
Кеңестің «Қоғамдық қабылдауында» 222 өтініш қаралған, сұраулар тиісті мемлекетік органдарға жіберіліп, ұсынымдар берілді.
Қоғамдық кеңестің отырыстарында: Шығыс Қазақстан облыстық ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарымен байланысты, жылыту маусымына дайындық және облыс халқын көмірмен қамтамасыз ету барысы туралы, Өскемен қ. автокөлік жолдарындағы жөндеу жұмыстарының барысы туралы, Металлург кентінің тұрғындарын жолаушылар тасымалымен көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы мәселелі сұрақтар қаралды.
2018 жылы, қоғамдық кеңестер қызметінің тәжірибесін ескере отырып, оларды заңнамалық деңгейде одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. Заң жобасын талқылауға Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшелері белсенді түрде ат салысып, оның кейбір баптары бойынша өздерінің келіспеушіліктерін білдірді. Атап өтер жайт, Кеңестің көптеген ескертулері мен ұсыныстарын әзірлеушілер заң жобасын одан ары редакциялау кезінде назарға алған. Заң жобасының негізгі желісі – қоғамдық кеңестің құрамында үкіметтік емес сектордан өкілдің болуын қамтамасыз ету және қоғамдық бастамамен қоғамдық кеңес мүшелерінің қызмет ету қағидаттары.

2019 жылы 3 жылға сайланған қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі аяқталады. Облыста жаңа құрамды қалыптастыру жұмыстары басталып кеткен. Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелері сайналып, Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс жарияланды.

2019 жылы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы: 

 Қоғамдық ұйымдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерін, азаматтардың, тиісті салалардың сарапшыларын тарта отырып коммуникативті іс-шаралар ұйымдастыруы тиіс (конференциялар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар);
 «Шұғыл жерінің» жұмысын – халықтан келіп түскен сұрақтарды, ұсыныстарды, өтініштерді жинау, жалпылау, оларды тиісті органдар мен аумақтық Кеңестерге бөліп таратуы бойынша «Қоғамдық кеңестің қабылдау бөлмесінің» жұмысын жалғастыруы, облыстың ауыл, қала тұрғындарын «шұғыл желі» байланысы туралы, өтініш білдіру мүмкіндіктері туралы барынша кеңінен және атаулы хабардар болуын қамтамасыз етуі тиіс;
 ШҚО қалалары мен аудандарындағы Қоғамдық кеңес қызметіне мониторинг жүргізуі, олардың рейтингін талдауы және жасауы, қоғамдық кеңес мүшелерін оқытуы тиіс болады.