ШҚО әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы.

Дүйсенбі, 08 Сәуір 2013 18:19

ШҚО әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында ҚР зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды.

«ҚР еңбек халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнатақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК бас директоры Серікхан Сабыржанов өз баяндамасында зейнетақы жүйесін жетілдірудің бағыттарына тоқтала кетті, бұл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру (БЖЗҚ) және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру (ЖЗҚ); жинақтаушы зейнетақы қорына жаңа салымшыларды тарту; кепілдендірілген ең төменгі зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер; зейнетақы жасын теңестіру.

- Аталмыш өзгерістер талқылануда, бұл тек заңның жобасы, - деді Серікхан Самарханұлы.

Бұл баяндама қатысушылардың қызу талқылауына ұшырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты Қоғамдық кеңестің кейбір мүшелері күмән білдіріп жатты (БЖЗҚ). Әсіресе, зейнет жасын теңестіру мәселесі наразылық тудырды.

ҚКХП қалалық комитетінің бірінші хатшысы Елена Агешкина «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасына қатысты еңбек ұжымдарында өткен кездесу барысында айтылған ұсыныстарды жеткізді.

«ҮМЗ» АҚ қызметкерлер жөніндегі директоры Елена Денисова заң жобасына қатысты проблемалы мәселелерге тоқтала кетті. Оның айтуынша, «ҮМЗ» АҚ жұмыс істейтін әйелдердің жартысынан көбі зиянды цехтарда істейді. Жыл сайын 60 – 65 адам зейнет жасына жеткенімен, төрттен бірі ары қарай жұмыс істеп қалады. Заң жобасы қабылданған жағдайда, бұл ұйым жыл сайын 40-шақты адамды еңбекақысы дәл сондай жұмыспен қамтамасыз етуі керек болады.
- Егер әйелдерді арнайы жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін бағдарлама болмаса, жағдай нашарлайды. Біз жұмыстан шығатын әйелдердің зейнетақы аударымдарына талдау жасадық. Ол 600 мыңнан 1 млн теңге шамасында. Сонда, 5 жыл ішінде 3 млн теңге жинақтау үшін еңбекақымыз қандай болуы керек? Тіпті біздің өңір бойынша еңбекақы жағынан көшбасшы болған жағдайымызда, - деді Елена Денисова.

Одан кейін сөз сөйлеген облыстық Кәсіподақ кеңесінің төрайымы Нұржан Түсіпова жүйені жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша ұсынысын білдірді. Сонымен, жаңа жүйе бойынша пилоттық жоба өткізу туралы ұсыныстары айтылды.

Отырыс барысында зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша жұртшылықтың ұсыныстары талқыланды. Соңында ШҚО әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Лопаткин аталмыш заң жобаны қарастырып, Елбасымыз Н.Назарбаевтың атына және Парламентке арнайы құжаттарды дайындаумен айналысатын топ құруды ұсынды. Бұл топтың құрамына Е.Агешкина, Н.Түсіпова, Г.Казанцева, М.Соловьева, Г.Володина кірді.

ШҚО ақпараттық орталығы