ШҚО әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау бойынша жұмыс тобы

Сәрсенбі, 09 Қаңтар 2013 22:25

- Онкологиялық ауруға шалдығу деңгейі жоғары болғандықтан, және де емдеу мекемелері мен хоспистерде науқастарға лайықты күтім жасау үшін жағдайдың жоқтығы, оқыған мамандардың тапшылығы сияқты бірқатар деректердің негізінде, өңірде паллиативті көмек жүйесін белсенді түрде дамыту қажет, - деп ұсынысын білдірді ШҚО Қоғамдық кеңестің денсаулық сақтау бойынша сарапшы жұмыс тобының төрағасы Татьяна Владимировна Чернышова.

- Паллиативті көмектің басты қағидасы қол жетімділік. Науқастарға көмек уақытыныды көрсетілуі керек. Паллиативті көмек жүйесін құру клиникалық медицина мен көпшілік елдердің денсаулық сақтаудағы басым бағыттарының бірі болып отыр.

Қазақстандағы паллиативті көмек жүйесі нормативті – құқықтық базасына 2009 жылы ие болған, паллиативті көмек мәселесі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Заңнамасына енгізілген, ал нәтижесі жоқ.

Қазіргі таңда жағдайдың көрінісі мынадай, жазылмайтын ауруға шалдыққан адамдар өздері жалғыз қалады, әсіресе облыстың аудандарында. Обыр ауруының 3 – 4 сатысындағы науқастар өздерін – өздері күтеді, дәрі – дәрмектерді жаздырып алу үшін емханаларда кезекте тұрады. Осындай санаттағы науқастарды қабылдау механизімі бізде жоқ. Осы мәселе бойынша біз Денсаулық сақтау басқармасына хат жолдағанбыз, алайда мәселе шешімін таппады. Бұндай науқастарды кезектен тыс қабылдауға, қажетті жарнамаларды ілуге не кедергі жасайды, - деп төраға ашуын білдірді.

Менің көзқарасым бойынша паллиативті көмек жүйесі – бұл штаттағы қызметкерлер: әлеуметтік жұмысшылар, психологтар, патронажды медбикелер, көшпелі бригадалар. Тек медициналық күтім ғана емес, сонымен қатар міндетті түрде әлеуметтік, психологиялық және кеңес беру – оқыту көмегі болса, – деп қоса кетті.

Және де, Чернышова Татьянаның пікірі бойынша, - Орталықты «ШҚО өңірлік мемлекеттік – жеке меншік серіктестікті дамыту орталығы» АҚ арқылы мемлекеттік жеке меншік серіктестік аясында құруға болады. Мұндай медициналық мекеме бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік берер еді, сонын ішінде, туыстары жоқ осындай санаттағы науқастарды өз күтіміне алуға қатысты мәселені.

Қаржыландыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Сонымен, «Алтынай» ҚБ директоры, мүгедек әйелдер қоғамының төрағасы Магиза Мирвазетдинова, әңгіме адам өмірі мен денсаулығы болғандықтан, Орталықты үздіксіз қаржыландыру негізінде құру қажет, ал мемлекеттік сатып алу негізінде – бұл қауіпті болатындығын көрсетті.

ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің ШҚ бөлімшесі «Еңбек гигиенасы және ауруды алдын – алу ұлттық орталығы» РМҚК директоры, медицина ғылымының докторы, академик Зейнулла Қабдышевич Сүлтанбеков та осындай пікірде. Өз кезегінде ол айта кетті:

- Қазіргі таңда демеушілердің көмегі бір реттік қана, сондықтан бұл орталықтың мемлекеттік негізде құрылғаны дұрыс болар. Сонда ғана паллиативті көмек орталығы біртіндеп дамитын болады, сонын ішінде қызметі де. Оған қоса, Өскеменде мемлекеттік тапсырысы бар жеке меншік хоспис болған, ал оның жағдайы қандай еді?

Сандарға қарап та Паллиативті көмек орталығын құрудың маңызды және қажет екендігін айтуға болады. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 2012 жылы өңірде 17 278 адам қаралған. Олардың ішінде 761 – і 3 – ші, ал 516 – сы 4- ші сатыдағы науқастар.

Жұмыс тобының сарапшылары мәселені талқылай келе, біздің аймаққа паллиативті көмек орталығы ауадай қажет деген шешімге келді.

Жасалған ұсыныстар мен ұсынымдардың негізінде өңірдегі паллиативті көмек орталығын құру Тұжырымдамасы жасалады және ары қарай талқылау үшін «ШҚО өңірлік мемлекеттік – жеке меншік серіктестік орталығы» АҚ жіберілетін болады.

Соңында айта кететініміз, аймақта 3 хоспис жұмыс істейді, алайда, олардың бірде - біреуі онкологиялық науқастарға паллиативті көмек көрсетпейді, свебебі сәйкес базасы жоқ.