Қоғамдық кеңес тыңдауы

Бейсенбі, 11 Сәуір 2019 15:14

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқығын қорғау бойынша сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі Ольга Кузовлева облыстық Қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауына қатысты. Айта кетейік, бұл іс-шара ағымдағы жылы Қоғамдық кеңестің жаңартылған құрамы үшін алғашқы болып табылды.

Іс-шара басында Қоғамдық кеңес төрағасы Владимир Головатюк бірінші шақырылымдағы мүшелерге құрмет грамоталарын ұсынып сіңірген еңбектері үшін алғыс білдірді.

Тыңдау барысында қатысушылар 2018 жылғы облыстық бюджеттің орындалуын және бірқатар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарастырды.

Отырыс барысында Ольга Кузовлева ағымдағы жылы облыстық бюджеттен ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуға бөлінген қаржының мөлшері туралы сауал жолдады.