Саяси клуб отырысында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңжобасы талқыланды.

Бейсенбі, 11 Сәуір 2013 18:10

ШҚО талдау және болжау институтында өткен Саяси клуб отырысында саяси партиялардың, кәсіподақтардың және мемлекеттік органдардың басшылары «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу жөніндегі мәселені қарастырды.

Зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық аспектілері, зейнетақы қорларын біріктіру және әйелдердің зейнетке шығу жасын көтеру сияқты өзекті сұрақтарға ШҚО бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің бақылау және халықты әлеуметтік қорғау бойынша департаменті, ШҚО Ішкі саясат, ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары жауап берді.

Көптеген ұсыныстар айтылды, әсіресе әйелдердің зейнет жасын көтеру мәселесі қызу талқыланды.

Саяси партия және қоғамдық бірлестік жетекшілерінің тарапынан қойылған сауалдарға мемлекеттік органдардың өкілдері жауап берді.

Соңында қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Отырыс барысында көтерілген сұрақтарды ШҚО Қоғамдық кеңестің отырысында кеңінен талқылап, кейіннен үкімет пен парламентке жіберілсін деген ұсыныстар айтылды.

ШҚО ақпараттық орталығы