Рейд қорытындылары

Жұма, 14 Маусым 2019 11:33

Қоғамдық келісім мәселелері бойынша сарапшылық жұмыс тобының мүшелері Ұлан ауданына көшпелі рейдпен барып қайтты. Іс-шараны ұйымдастыруға түрткі болған облыстық Қоғамдық кеңестің қоғамдық қабылдауына келіп түскен Дулығалы көлі жағасының қоқысқа толуына байланысты айтылған  шағымдар болды.

Іс-шара барысында сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі Геннадий Пуссеп және рейдке қатысушылар Таврия ауылдық округінің әкімі Данияр Уахитовпен жүздесіп орын алған мән-жай туралы сұрады. Сонымен қатар демалу базаларының әкімшілігімен және иелерімен сұхбаттасуға мүмкіндік алды.

Сұхбат бергендердің айтуынша қоқыс қалдықтарының көл жағасында жиналуының бірден-бір себебі - ешқандай бақылаудың болмауында. Яғни, мұнда демалуға келген адамдардың қоқысты тастамауына тек олардың тәрбиесі ғана кедергі бола алады. Мысалға, алғашқы жылдары демалу орындарында тәртіпті сақтауға шлагбаум орнатып келушілерден төлемақы алу өз септігін тигізген. Қазіргі таңда жаз айларында қоқыс үйінділері тіптен өсіп кетуі қаупі бар.
Рейд қорытындысы бойынша бұл сұрақты қоғамыдық келісім бойынша сарапшылық жұмыс тобының отырысында қарау туралы шешім қабылданды.