Атқарар іс көп

Дүйсенбі, 22 Шілде 2019 11:50

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқытарын қорғау бойынша сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі Ольга Кузовлева Бородулиха ауданында өткен облыстық Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысына қатысты.

Отырыс барысында ол ауданда әлеуметтік нысандарды оңтайландыру бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға өз бағасын берді. Мысалы, кей жерде арнайы қаражат бөлініп орнатылған пандустар ешбір сын көтермейтіндігі атап өтілді. Олардың дұрыс ойластырылмағандығы бөлінген қаражаттың зая кеткеніндігіне әкеліп соғады,- деп атап өтті өз сөзінде Ольга Кузовлева.
Сонымен қатар, мақтауға тұрарлық жәйттердің да куәсі болдым,- дейді сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі. Бұл арада, Бородулиха аулында орналасқан, мектепке қажет құрал-жабдықтарды саудалайтын жеке кәсіпкердің, ешкімнің үгіттеуінсіз дүкеннің кіре-берісін өз қаражатына оңтайландырғаны облыстан келген қонақты қатты қуантты. Осындай мысалдар біздің қоғамда адал жандардың аз еместігін көрсетсе керек.
Сөз соңында Ольга Григорьевна отырысқа қатысқан аудан әкімі Ольга Булавкинадан аталған кемшіліктерді жоюды сұрады.