Қоғамдық қабылдау

Жексенбі, 25 Тамыз 2019 23:37

Рухани келісім сұрақтары бойынша сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі Геннадий Пуссеп кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді. Қоғамдық қабылдау барысында жалпы саны 3 өтінім келіп түсті.

Мысалға, көпшілікке таныс жерлесіміз, белгілі өлкетанушы Борис Щербаковтың жаңа кітабын басып шығаруда көмек көрсету туралы өтінім келіп түсті. Бұл сұрақ бойынша Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағановпен тез арада келіссөз жүргізіліп, оның нәтижесінде аудандық әкімдіктің қолдауына қол жеткізілді.

Сонымен қатар облысымызда УШУ федерациясы өз жаттығуларын өткізуге мүмкіндік беретін тиісті ғимаратты бөлу туралы өтінім де болды. Қазіргі таңда бұл сұрақтың оң шешімін табуға әл-ауқаты жететін ұйымдармен келіссөздер жүргізілуде.
Айта кетейік, аталмыш Қоғамдық қабылдаудың жұмысы ШҚО ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы тұрғындарды аумақтарды басқаруға тарту жолымен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының аясында мүмкін болып отыр.