Азаматтарды қабылдау жалғасуда

Дүйсенбі, 25 Қараша 2019 16:26

Қоғамдық келісім бойынша сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі Геннадий Пуссеп қоғамдық қабылдау аясында азаматтарды қабылдады.

21 қараша күні болған кезекшілік барысында Өскемен қаласының тұрғыны аз. С. қазір тұрып жатқан үйдің апаттық жағдайда екені туралы айтып берді. Оның айтуынша мемлекеттік органдар бұл мәселеге құлақ асқан емес.

Өтінім нәтижесі бойынша осы бағытта жұмысты жалғастыру мақсатында аз. С. тұрып жатқан үйді фотофиксациялау үшін арнайы рейд ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Қоғамдық қабылдау жұмысы ШҚО ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы тұрғындарды аумақтарды басқаруға тарту арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» лотының аясында іске асырылып отыр.