Өз жұмысын бастады

Бейсенбі, 13 Ақпан 2020 10:38

2020 жылғы 12 ақпанда мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша сарапшылық жұмыс тобының жетекшісі Ольга Кузовлева Қоғамдық кеңес жанындағы қоғамдық қабылдау жұмысының аясында азаматтарды қабылдады.

Талдау және болжау институтында өткен қабылдау барысында 3 сұрақ келіп түсті. Оның ішінде 1 мүгедектікті алу туралы, I топтағы мүгедектің құқығын қорғау бойынша, ал тағы 1 облыстық Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында қала мен облысымыздың фотографтары мен суретшілеріне арналған тұрақты көрме залын бөлу туралы.
Барлық сұрақтар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіліп, тиісінше ұйымға хат дайындау туралы шешім қабылданды.

Аталған жұмыс ШҚО ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы тұрғындарды аумақтарды басқаруға тарту арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» лоты аясында «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» ҚҚ-мен «ШҚО талдау және болжау институты» ЖШС-мен бірлесе жүргізіледі.