Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау бойынша сараптама жұмыс тобының жиналысында Өскемен қаласындағы инватакси қызметінің жұмысына жүргізілген мониторинг нәтижелері қарастырылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен тариф қалыптастыру мәселелері бойынша сараптама  жұмыс тобы Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасына сәйкес жылумен қамту бойынша келісімшарттың жобасын талқылады.

Өскемен қаласының маңайында орналасқан саяжай аумағының тұрғындары осымен бірнеше жыл қатарынан не жарықсыз, не сусыз күн көріп келеді. Әкімдіктің табалдырығын тоздырудан шаршаған қала тұрғындарының шағымын қала басшылығы да ескермей келеді.

Аймақтағы мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері тұрғындарға квота беру, мүгедектік топқа шығару жүйесін түсіндіру жұмыстарына немқұрайлы қарап келген. Ақ халаттыларды мұндай өткір сынға Шығыс Қазақстанның Қоғамдық кеңес өкілдері алып отыр.