Медициналық қалдықтарды жинау және утилизациялау мәселесі ШҚО қоғамдық Кеңесінің денсаулық сақтау бойынша сараптама-жұмыс тобының отырысында талқыға салынды. Талқылауға медициналық мекемелер мен жеке меншік ұйымдардың өкілдері, жұмыс тобының сарапшылары және БАҚ қатысты.

ШҚО қоғамдық Кеңесінің рухани келісім бойынша сараптама-жұмыс тобының отырысы жастардың патриоттық тәрбиесіндегі мұражайлардың алатын орны мәселесіне арналды. Отырысқа Қазақстанның атақты ғалымы мен жазушысы, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Борис Щербаков, мұражайлардың ғылыми қызметкерлері және мектеп өкілдері қатысты.

ШҚО қоғамдық Кеңесінің денсаулық сақтау бойынша сараптама-жұмыс тобының отырысында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділікмәселелері талқыланды. Отырыс жұмысына ШҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, медицина қызметкерлері, мемлекеттік емес ұйымдар мен Өскемен қаласының тұрғындары қатысты.