Күршім, Зайсан және Тарбағатай аудандарында өткен ШҚО Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында денсаулық сақтау, ТҮКШ, бірінші қажеттіліктегі азық – түлік пен тауар бағасының өсуі және азаматтық бастаманы дамыту мәселелері қарастырылды.

Отырысқа саяси партия, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. ШҚО Қоғамдық кеңесінің ТКШ мәселесі жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Эдуард Датчиков сарапшы маман ретінде сөз сөйледі.

2013 жылғы 5 маусымда облыстық мәслихат депутаты, ШҚО талдау және болжау институтының директоры О.В Чернышовтың қатысуымен Глубокое ауданында кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Өз сөзінде ол қала және аудандарда Қоғамдық кеңес құру қажеттілігіне тоқтала кетті.