2013 жылдың 27 мамыр күні Көкпекті ауданында ШҚО әкімі жанындағы Қоғамдық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа аудан активі мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде ауданда Қоғамдық кеңес құру: медициналық қызмет көрсету сапасы; тұрғын – үй коммуналдық проблемалар сияқты мәселелер қарастырылды.

Рейдтің мақсаты – жұмыс тобының ШҚО денсаулық сақтау басқармасына арнайы әзірлеген ұсыныстарының орындалуын қоғамдық бақылауға алу.

Жұмыс тобының жетекшісі Надежда Сафонованың айтуына қарағанда, Ұлан ауданы мен Зырян қалаларындағы сумен қамту нысандарын тұрғызу жұмыстары бойынша мониторинг жүргізу қажет.

- Механизмді нығайтамыз, мониторинг алгоритмін жасаймыз. Құрылыс жұмыстары әрі қарай бақылауға алу үшін жасалған сұлбаны нығайту керек, - деп баса айтты ол.
Отырысқа қатысушылар жұмыс тобының бастамасын қолдады. Қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Лопаткин 1-2 нысанды бақылауға алудың аздығын айтып, аудандардағы қоғамдықкеестерді де осы іске кірістіру керектігі туралы ұсыныс жасады. Олар жер-жердегі тұрғындарды да белсендіре алады.

Отырыс алдында өткізілген қоғамдық-саяси жағдай талдау көрсеткендей, аудандағы ең маңызды мәселенің бірі коммуналдық мәселелер (22,7 пайыз) болса, екіншісі медициналық қызмет сапасының нашарлығы (27,3 пайыз) екен. Осыған орай, отырыстағы көтерілген ең маңызды мәселелер осы тақырыптар төңірегінде өрбіді.