Қоғамдық кеңестің ТҮКШ жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Эдуард Датчиковтың берген мәлімдемесіне сүйенсек, талдау нәтижесі бойынша Ережелер жобасына өзгерістер мен қосымшалар енгізу үшін нақты ұсыныстар дайындалған. Тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету жүйесіне қосуға қатысты өзгерістер енгізу қажет.

Владимир Лопаткиннің төрағалығымен Қоғамдық кеңестің мүшелері арнайы комиссиямен бірге Риддер қ. су астында қалған үйлерін аралады.

Тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және қоғамдық көлік бөлімі бастығының орынбасары Сабыр Ашеловтың мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда Семей қ. баспана алу тізімінде 5639 адам тұр. Оларың 821 – балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілері. Олардың алғашқысы тізімге 1991 жылы тұрған. Жылдар өтсе де, кезекте алға жылжу жоқ.

ШҚО талдау және болжау институтында өткен Саяси клуб отырысында саяси партиялардың, кәсіподақтардың және мемлекеттік органдардың басшылары «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу жөніндегі мәселені қарастырды.