БАСШЫЛЫҚ

ШҚО талдау және болдау институтының директоры
AAM 7779 Чернышов Олег Владимирович
Қабылдау бөлмесінің телефоны: 57-89-56
Телефон: 57-89-70
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Чернышов Олег Владимирович 1960 жылы 18 ақпанда Өскемен қаласында дүниеге келді.

Өскемен қаласының құрылыс-жол институтын аяқтағаннан кеін еңбек жолын 1982 жылы «Мостоотряд 104» бастады, сол жерде шебер, прораб, кейіннен құрылыс учаскесінің бастығы қызметіне дейін өсті.

1986 жылдың тамыз айынан бастап 1987 жылғы ақпан айына дейін Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушылардың қатарына қосылады.

1992-1998 жылдары аралығында Шығыс Қазақстан Жасылдар партиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Бұл ұйымның қызметі облыс көлеміндегі үкіметтік емес секторын дамытудың іргетасына айнала отырып, Өскемен қаласында тұңғыш экологиялық бастамалардың пайда болуына ықпал етті.

2002 жылы «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» ҚҚ құрылтайшысы болып, қазіргі уақытқа дейін аталмыш ұйымның төрағасы болып отыр. 2006 жылдан бастап қазірге дейін «ШҚО Талдау және болжау институты» ЖШС директоры.

Олег Владимирович 2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін ҚР Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі болды. Сонымен қатар өзі төрағадық етіп отырған облыстық Азаматтық Альянсты құрұға зор үлес қосты.

Әлеуметтік саладағы еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ Астана қаласының 10 жылдығы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығы, Мәслихаттар құрылуының 20-жылдығы мерейтойлық мдальдарімен марапатталды.

Үйленген.