Сұхбат

Сауалнама және пікірлесу әлеуметтік сауал өткізудің негізгі түрі болып келеді.

Сауалнама деген жауап алатын кісімен жеке кездесіп, интервьюердің сұрақ қойып, жауаптарды тіркеуі.

Жеке (face-to-face) - «көзбе-көз» пікірлесу, көбінесе бұған бір интервьюер бір респондент қатысады. Респонденттің үйде, оның жұмыс орнында, көшеде, сатып алу орындарында, ке-келген қоғамдық орындарында өткізуге болады. Жауаптарын жазу үшін басылып шығарылған сұрақнамалар немесе компьютер қолдануға болады, сонымен бірге сенсорлы экраны бар. Егер де face-to-face компьютер арқылы өткізілсе, көбінесе пікірлесу бейне таспаға жазылып, интервьюердің жұмысын бақылауға қолданылады..

Топтық (фокус-группалар) - біраз адамдар тобымен алдын-ала қойылған тақырыпқа жоспар бойынша ерікті түрде (жеке), арнайы бөлмеде әңгімелесу. Фокус-топтың негізгі ерекшелік сипаттамасы:

  • респонденттердің фокус- топтағы байланыстары терең жауаптарды уәждемелеп, жаңа идеялардың пайда болуына мүмкіндік береді;
  • тапсырушы пікірлесудің барысын бер жағынан көрінбейтін шынының ар жағына тұрып, бақылауына болады,ғылыми жауапты алмай тұрып, өз ойын айта алады;
  • бұл әдіс пікірлесу немесе сұрақнамаға қарағанда тез және арзан, бұл тек қана қаржы мен уақытты үнемдеуді ғана емес сонымен бірге еңбекті де үнемдеуге мүмкіндік жасайды;
  • бұл аз уақыттың ішінде мәселенің шығу сеебін анықтауға мүмкіндік жасайды, мысалы,мем лекеттік органдарының мәселені шешіп, аймақтағы экологиялық мәселе туралы қоғамдыққа хабарлау. Фокус- топты өткізу пилоттік зерттеу түрінде қолдануға болады.

Фокус-топты өткізу алдында оны өткізу сценариі әзірленеді-гайд,бұнда модератордың сұрақтарды қойып өткізуі, оларға жауап алуы. Фокус-топтың жұмысы бейне таспаға жазылады, бұл келесі талдауды өткізуге ыңғайлы.

Телефонды сауалнама тез жауап алу үшін телефондық сауал өткізіледі. Телефондық сауалдың әдістемесі сұрақнамадан ерекше. Телефондық сұрақнама респондентті шаршатпау үшін 10 сұрақтан көп болмау керек. Телефон анықтамасындағы кез- келген бесінші абонентке телефон соғылып, сұраққа жауап алынады. Интервьюерге ыңғайлы болу үшін сұрақнама емес, кілт толтырылады.

Сарапшылық сұхбат — сауал алу түрінен сараптамашылық әдіс келесі ерекшеліктермен ерекшеленеді:

  • жауап алатындардың саны: олар пікірлесу және сұрақнамаларға қарағанда әрқашанда аз;
  • жауап беретіндердің сапасы: жан-жақты, біліктілік деңгейі, кәдімгі респонденттерге қарағанда арнайы сала бойынша білімдері жоғары;
  • ақпараттың түрі және көлемі: сараптамалық сауал алу әлеуметтік- зерттеушіде ешқашан болмаған білімді алу үшін өткізіледі; әлуметшінің өз тәжірибесінен алынған жауаптар арнайы ғылыми білімге жатады;
  • мәліметтердің типтілігі:бұқаралық сауалға жауап алғанда әлеуметші адамдардың тәртібіндегі уәждемелер мен құндылық бағыттары туралы мәліметтің типтілігіне, қарапайымдылығына, қайталануына назар аударады,ал сараптамалық сауал алуда зерттеуші сараптамашының техникалық немесе гуманитарлық білімін бағалайды, оның тереңділігін, қайталанбайтындығын;

Сараптамашылық топтың құрамы осы әдістің тиімділігін анықтайды. Сараптамашыларды таңдаудың Орталық көрсеткіші: - олардың біліктілігі. Оны анықтау үшін , нақты дәрежеде, екі әдіс қолдануға болады: сараптамашылардың өзіндік бағасы және сараптамашылардың беделділігіне ұжымдық баға беруі.