Астананың 20 жылдығы мерекесі аясында 2018 жылғы 29-30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Орта білім мектептерінде өзге ұлт өкілдеріне Абайды оқудың жаңа моделі ұсынылды. Аталмыш модельде жастар және ғылым ұғымдарына екпін жасалған.

Шығыс Қазақстан – көптеген танымал қоғам қайраткерлерінің, жазушылар мен ақындардың отаны. Өлке тарихи, әдеби, этнографиялық құндылықтарға бай. Бұл – қазақ мәдениетінің ұлы тұлғалары дүниеге келген және өмір сүрген, әлемге әйгілі Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезовты дүниеге әкелген қасиетті жер.

Абай ауданының орталығы – Қарауылда ойшыл, ғұлама, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мереке аясында Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайға ескерткіш қойылып, жаңа спорттық нысан ашылды. Тойда ата салтқа сәйкес ас беріліп, түрлі ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.