«Ауыл» ХДПП-ның кезектен тыс партиялық конференциясы өтті

Дүйсенбі, 26 Маусым 2017 17:27

Партияның Саяси кеңесінің Президиумы атқарған  жұмысы бойынша қорытынды «Ауыл» ХДПП-ның кезектен тыс партиялық конференциясында жасалды.

«Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының 2016-2017 жылдар аралығындағы маңызды жетістіктерінің бірі – «ШҚО бойынша ауылшаруашылық жұмысшылардың жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігімен және «АГРО» ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің облыстық қауымдастығымен серіктестік туралы өзара келісімге қол жеткізгені.
- Ауыл біздің дәстүрлі құндылықтарымыздың тамыры, сондай-ақ бүгінде агроөнеркәсіп кешені еліміздің дамуына үлкен үлес қосып жатқаны құпия емес. Ал саяси партиялар халық өмірінде маңызды рөл атқарады және оларды қоғамдық, саяси, әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға жетуге біріктіреді. Біздің партия да осы іске өз үлесін қосуда, – деді «Ауыл» ХДПП ШҚО бойынша филиалы төрағасының орынбасары Камал Арнханов.

Негізінен партия ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерімен айналысады, ал ең көп талқыланатын сұрақтардың бірі ауыл жастарының проблемалары. Аталған сұрақтар аясында партия «Туған жер», «Туған ел», «Дипломмен ауылға», «Ауылдан диплом үшін» бағдарламаларын және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылады.

Гүлжан Естаева