ШҚО әкімі Ұлан ауданының басшылығына жағдайды түзеу үшін екі апта берді

Дүйсенбі, 26 Маусым 2017 17:37

Сібе көлінің басындағы жоспарланған муниципалды жағажайлардың салыну уақыты созылып кетті. Аймақ басшысы аудан әкіміне жағдайды түзеу үшін екі апта уақыт берді.

Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов Сібе көлдерінің басындағы өткізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты. Қазіргі таңда мердігер компания жағажайды қамыс өсімдігінен тазалау және судың ішіне пирсті орналастыру жұмыстарын атқаруда. Бірақ бұл жұмыстар мамыр айында, суға түсу маусымына дейін аяқталу қажет болатын. Аталған жобаның құжатын жасау үшін алғашқы абаттандыру жұмыстарына қажет қаражат былтырғы ыжлдың өзінде бөлінген болатын.
- Жұмысты ұйымдастыру деңгейі төмен. Судың ішіне металдан жасалған понтондар қауіпсіздік талаптарына сай емес. Бұның орынан полимер материалынан жасалған бұйымдарды алу қажет болатын – деді Даниал Ахметов.

Ұлан ауданының әкімі Даулет Батырбаев абаттандыру жұмыстарының бірінші кезеңін 6 шілдеге дейін аяқтауға уәде берді. Бұл жұмысты аймақ басшысының бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановқа тікелей бақылауға алуды тапсырылды. Бір аптаның ішінде су жағасына құм әкелу үшін қосымша техника жұмылдырылып, тұрғындарға дем алуға тиісті жағдай жасалатын болады.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі