ШҚО-да 600 км жол жөндеуден өтеді

Дүйсенбі, 26 Маусым 2017 17:41

Шығыс Қазақстан облысында алдағы екіжылдықта жалпы құны 16,1 млрд теңгеге 600 км-ге жуық облыстық деңгейдегі жол жөндеуден өтпек.

Жөндеу жұмыстары бірқатар елді мекендерге апаратын жолдарды қамтығанымен, туристік зоналар мен демалыс орындарына апаратын жолдар да басты назарға алынып отыр.
Сондай-ақ, ШҚО-да 3 414 км республикалық деңгейдегі жолдың жөнделуі жоспарланған. Биылғы жылдың өзінде бұған 13,3 млрд теңге бөлініп отыр. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ ШҚОФ таратқан мәліметтерге сәйкес, қазірде «Омбы – Майқапшағай» тас жолының жалпы ұзындығы 125 км болатын 3 бөлігінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде 36 км жол биылғы жылы қолданысқа берілмек. Ал «Өскемен – Зырян – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» тас жолының Осинов асуының 56-72 км (16 км) бөлінігде жөндеу ағымдағы жылы аяқталса, 72-88 км (16 км) бөлігін жөндеу үшін байқау жарияланған.

ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Мұсатаевтың айтуынша, Жидебайға (Абай ауданы), Алакөлге апаратын жолдар мен Бородулиха – Шемонаиха тас жолы жөнделеді.
2017 жылы өңірде 3,2 млрд теңгеге 185,38 км жол жөнделуде. Аталған жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін өз соңына жетпек.

Сондай-ақ айта кетсек, биылғы жылы су басу қаупі туған сәтте жіберлінген қателер ескеріліп, алдағы қыс, көктем мезгілеріне су басу қаупінің алдын алуға арналған жұмыс жоспары бекітілген.