ШҚО әкімі үздік тәртіп сақшыларын марапаттады

Дүйсенбі, 26 Маусым 2017 17:55

ШҚО әкімі Даниал Ахметов тәртіп сақшыларын Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойымен және кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, саланың үздік мамандарын марапаттады.

Салтаннатты шараға қатысқан аймақ басшысы қазіргі таңда қоғамға қауіп төндіріп тұрған терроризм, экстремизм және киберқылмыспен күресте полиция қызметкерлеріне сәттілік тіледі
– Терроризмге, экстремизге және киберқылмысқа қарсы тұру бүгінгі күннің басты мәселесі. Осыған байланысты, құқық қорғау органдарға қойылатын ауыртпашылық пен жауапкершілік өте жоғары. Шығысқазақстандықтардың өмірі мен тыныштығы тікелей Сіздерге табыстап, заң мен тәртіп бұзушылықпен күресу тапсырылды. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің, азаматтық позиция мен ерліктің арқасында тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліліп, бүгінгі және ертеңгі күндеріне сенім ұялатады, – деді Даниал Ахметов.

Аймақтың ішкі істер қызметінде бірнеше жыл еңбек етіп, тәртіпті сақтауда үлес қосқан бірқатар азаматтарға облыс басшысы алғыс хаттар табысталды. Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі