Өскемендегі ипподром қайта іске қосылды

Сенбі, 15 Шілде 2017 20:47

Осыған дейін қаңырап, ат тұяғы тимей бос тұрған Өскемендегі ипподром қайта іске қосылды. Енді қалалықтар бұл жерде ұлттық ат спорты түрлерін тамашалап қана қоймай, жылқымен серуендеу мүмкіндігіне ие болмақ.

Шараға қатысқан қала тұрғындары мен қонақтары теңге алу, қыз құу, жамбы ату сынды тартысты ойындарды тамашалады. Соның ішінде нағыз ортағасырлық серілер шайқасын тамашалаушылардың да қарасы көп болды. Темір сауыт киген серілер нағыз семсер, найзамен шайқасып, ханшайым үшін таласып, көпшілікті тамсандырды.

«Өте қызықты бағдарлама. Ипподром ашылды, ендігіден бастап мұнда жылқыларды серуен үшін жалға береді дегенді естігенде қатты қуандық. Осыдан бүлай бұл жанұямыздың демалыс уақытын өткізетін орынға айналмақ», - деді қала тұрғыны Татьяна Литвинова.
Өз кезегінде бос тұрған ипподромға жаңа леп сыйлаған кәсіпкер Мақсат Ағиеков, егер қала тұрғындары жылқыларды жалға алу үшін мұнда көптеп келіп жатса, немесе шеберліктерін шыңдағылары келсе бұл жердің күнделікті жұмыс істеп тұратындығын жеткізді.

«Қалалықтар сенімді болсын. Біз қала басшылығына ипподром қандай жағдайда да, әр сенбі сайын жұмыс істейтіндігі туралы сөз беріп, келісімге отырғанбыз. Бұл қала тұрғындарының бос уақыттарын өткізетін ең танымал жерге айналатындығына сенімдіміз. Мұнда жылқыларды, понилерді жалға береміз», - деді Мақсат Ағиеков.
Естеріңізге сала кетейік, қалалық әкімдік өз тарапынан ипподромға «Фрешмаркет» гастрономы аумағынан ипподромға дейтін қатынайтын автобустарды ұйымдастырды.