ШҚО-да балалар үйінің 151 тәрбиеленушісіне спорттық жабдықтар табысталды

Сәрсенбі, 09 Тамыз 2017 17:27

Шығыс Қазақстанда Серебрянск балалар үйінде болған демеушілер 151 балаға теледидар, спорттық киімдер және ойыншықтар табыстады.

Қайырымдылық шарасы аталмыш балалар үйінің түлегі, қазірде ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкері Марина Жанырбаеваның бастамасымен өткен.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Туған жер» бағдарламасы аясында қолға алынған Марина Жанырбаеваның бастамасы үлкен қолдауға ие болады.
– Менің бұл мәселемен айналысқаныма бір жылдан асты. Бастапқыда «Нұр Отан» партиясы, кейін Алматы, Астана қалаларының әкімдіктері, енді міне ШҚО әкімдігі қолдап отыр. Менің ойымша, әрбір азамат туып-өскен мекеніне келіп, оның дамуына үлес қосуы қажет. 15 жыл бұрын балалар үйінен түлеп ұшсам да, сол мекемеге қол ұшын беруді өзімнің міндетім деп санаймын, – деді Марина Жанырбаева.

Қайырымдылық шарасын қолдаған демеушілер 151 балаға спорттық киімдер, жабдықтар, ойыншықтар және теледидар сыйлады.