ШҚО-да әлеуметтік нысандарға жылу берілді

Сейсенбі, 26 Қыркүйек 2017 17:51

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша өңірдегі барлық әлеуметтік маңызды нысандарға жылу беру науқаны басталды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін аймақ басшысына білім, денсаулық сақтау және өзге әлеуметтік мекемелердің қысқа 100 пайыз дайындығы туралы баяндалған еді. Осы ретте облыстағы ауа температурасының күрт төмендеуіне орай бюджет саласындағы барлық ғимараттарға бірден жылу берілді.

Бүгінде өңірде тұрғын үйлерді кестеге сай жылу беру маусымына дайындап жатыр. Қазанның бірінде олар да қыстың қаһарлы күндеріне сақадай сай болмақ. Ал үйлерге жылу жоспарға сай тиісті мерзімінде беріледі.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі