ҚР ұлттық экономика министрі ШҚО инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысына жоғары бағасын берді

Жұма, 29 Қыркүйек 2017 17:59

Өскеменде ауыл әкімдерінің республикалық форумы аясында алқалы жиын өтті. Басқосуда өңірдің халықаралық қаржы институттарымен тиісті деңгейде жұмыс істеп жатқаны атап өтілді. ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сондай-ақ, ел Шығысындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясына жоғары бағасын берді.  

Бүгінде аймақта 160 млрд. теңгеге мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша 168 жоба қолға алынған. Олар экономиканың әр бағытын, атап айтқанда, білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, ТҮКШ пен көлік инфрақұрылымын қамтып отыр. 9 келісімге қол қойылды, оның алтауы несие келісім-шарты. Сонымен қатар, Еуразиялық даму банкімен (ЕАДБ) 40,5 млрд. теңгеге алдын-ала үш келісім жасалды. Бұл міндеттегі ҚР Үкіметінің үлесі 7,8 млрд. теңгені құрайды. Ірі жобалар қатарында Өскемен мен Семейдегі сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту, көшені жарықтандыру жүйесін орнату және басқалары бар.
– Облыста өте маңызды істер атқарылып жатыр және оны жалғастыру керек, - деді Тимур Сүлейменов. – Сондай-ақ, несиелеу стратегиясын оңтайландырған Азиялық банктің те несие ресурстарын қолдану керек. Олар азаматтармен жұмыс жүргізіп, ҚР ұлттық валютасымен қарыз ақша беруге ниетті.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі