Жидебайға саяхат

Сәрсенбі, 04 Қазан 2017 11:54

Біз, Семей қаласы қала маңындағы НОМ 10 «Б» сынып оқушылары, 2017 жылғы 30 қыркүйекте «ТУҒАН ЖЕР» атты экологиялық саяхатқа шықтық. Біз, сынып жетекшіміз Л.И.Кажибаевамен бірге біздің атақты жерлестеріміз: Абай, Мұхтар, Шәкәрімнің туған жері Жидебайға барып қайттық.

Осындай қасиетті жерге саяхатымызды «Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар баскармасы» - Нетунаева Татьяна Георгиевна ұйымдастырды. Саяхатымыз өзіміздің туған қаламыз Семейден басталды, ең бірінші Абай қорық-мұражайына барып қайттық. Мұражай бойынша экскурсия жүргізіп, біздің алдағы болатын саяхатымыз жайлы айтып берді. Ары қарай саяхатымыз ыңғайлы автобуспен жалғасты. Бара жатқан кезде, ұйымдастырушылар танымал адамдардың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.

Ең бірінші аялдама - «Күшікбай» асуы. Бұл жер Күшікбай батырдың құрметіне аталған. Үлкен таудың бөктерінде «Күшікбай ескерткіші» орналасқан. Бұл жер қасиетті, киелі болып саналады, өйткені мұнда қасиетті су ағатын бұлақ бар.

Содан соң, бүкіл әлемге Абайды танытқан, Мұхтар Әуезовтың туған өлкесі Бөріліге бардық. Мұражайда жазушының өмірімен, шығармашылығымен және шығармашылық бөлмесімен таныстырды. Біз сирек кездесетін, бағалы заттарды көрдік.

Келесі аялдамамыз қос ғашық Еңлік пен Кебектің құрметіне арналған ескерткіш.

Келесі аялдама көптен күткен – Жидебай. Мұнда Абайдың тұрған үйі, мұражай және де Абай мен Шәкәрімнің зираттары орналасқан. Үй-мұражайдың ішінде бағалы, құнды заттар өте көп және де Абайдың жеке жұмыс бөлмесі, қолданған заттары бар. Біз «Контромарка» атты пешті көрдік, мұндай пештер әр бөлмеде тұр. Мұражайдың ішінде қазақтың ұлттық ойындары «Тоғыз Құмалақ», «Дойбы» ойнайтын үстел, сол замандағы төсек бар. Арнайы ет, тағамдарды сақтайтын бөлмеде де болдық. Ең соңында Абай мен Шәкәрімнің зираттарына барып, дұға окыдық.

Саяхатымыз бізге қатты ұнады. Бізді мұражайдың қызметкерлері, медицина қызметкерлері қадағалап жүрді, біздің тамақтанауымызды да ұмытпады. Қасқабұлақ асханасы бізді дәмді, әрі тойымды тамақпен қамтамасыз етті.

Біз ерекше әсермен қаламызға қайттық. Әрине, осымен біздің атақты жерлестерімізбен танысу бітпейді. Біз әлі де, өзіміздің туған жеріміз туралы, мақтан тұтатын ұлы адамдар жайлы білгіміз келеді.

Семей маңындағы НОМ, 10 «Б» сынып оқушылары: Еременко Алина, Айтмухамедова Малика, Овчаров Денис, Утепова Айдана, Мануйлов Николай, Сидоров Вячеслав, Серикбаева Зияда.