ШҚО мемлекеттік қызметшілдерін сананы жаңғыртуға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға үйретті

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 20:41

Өскемен қаласында өткен семинарда Шығыс Қазақстан көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер мен жобалық кеңсе мамандары жұмысты дұрыс ұйымдастыруға үйренді.

Жобалық менеджмент мемлекеттік қызметкерлер бұрын-соңды жұмыс істеп көрмеген әдіс деуге келеді. Бұл жерде жұмыс жоғарыдан төменге қарай емес, командалық топтарда ұйымдастырылады. Оның жағымды жақтары да аз емес. Ең алдымен бұл мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруға арналған тың тәсіл.

Бағдарлама бастау алып қойғандықтан, оны орындаушылардың сұрақтары да көп екен. Аймақтық жобалық кеңсенің өкілдері барлық сұрақтарға жауап беріп, жергілікті жерде жұмысты ұйымдастыру жөнінде әңгімеледі.
- Басты мақсат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сапалы орындау. Бұған дейінгі бағдарламалар жобалық тәсілмен жүзеге асырылып көрмегендіктен, қатысушылардың сұрақтары көп болды. Бірақ ұйымдастырушылар тарапынан ол сауалдардың бәріне жауап беруге тырысып бақтық, - дейді ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Альмира Жұмабаева.