Шыбындыкөлде демалыс орны салынбақ

Сейсенбі, 24 Қазан 2017 16:20

Туризм дамуына екпін жасалған Ұлан ауданында келер жылы тағы бір демалыс орны ашылмақ. Жоспар бойынша Шыбындыкөлге жол салынып, жағажай қалыпқа келтіріліп, демалушыларға жағдай жасалады.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбаев мәлімеді.
– Қазір жағажай болатын жер анықталып, жоба құжаттары әзірленуде. Сібе көлдеріндегі жағадай сияқты Шыбындыкөлде де демалушыларға барлық жағдайды жасауға тырысамыз, – деді Дәулет Батырбаев.

Аудан басшысы биыл ғана ашылған Шалқар көліндегі «Sibiny family resort» жағажайына қатысты мәселелерге де тоқталып өтті. Жағажайда демалушылар судың лай екенін айтып, шағымданған.
– Жағажай ашылғалы 20 мыңға жауық адам демалды. Бүгінгі күні қамыс басқан жерді тазартудамыз. Егер келер көктемде қамыс қайта өсіп шықпаса, осы технология арқылы жағажайды қамыстан тазартамыз, – деді Дәулет Бахитұлы.