ШҚО-да аудандық мәслихатқа 4 депутат сайланды

Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 17:25

ШҚО-да өткен сайлау барысында Зайсан, Глубокое және Бесқарағай аудандарының мәслихатына жаңадан 4 депутат сайланды.

Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Рукин мәлімдеді.
– Аудандық мәслихаттарда кейбір депутаттар өз еркімен орнын босатқаннан кейін, қазан айында сайлау өтті. Жалпы саны 13 үміткер қатысып, 4 жеңіске жетті, – деді Александр Рукин.

Комиссия төрағасының орынбасары айтып өткендей, сайлау барысында ешқандай заңбұзушылық әрекеттер анықталмаған.