ШҚО Абай ауданы әкімі тағайындалды

Жұма, 03 Қараша 2017 18:39

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың өкімімен Абай ауданы әкімі қызметіне Жарқынбек Байсабыров тағайындалды. Бұған дейін ол Үржар ауданы әкімінің орынбасары болған.

Жаңа басшыны аудан активіне ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов таныстырды. Жарқынбек Борашұлы 9 тамызда 1969 жылы Үржар ауданы Бірінші май ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Семей зоотехникалық-ветеринар институтын «мал дәрігері» және 2008 жылы М. Әуезов атындағы Семей университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Бірінші май ауылында Калинин атындағы колхозда санитарлық-емдеу пунктінде меңгеруші қызметінен бастаған. Одан кейін бірнеше жыл «1 Май» ЖШС меңгерушісі болды. 1998-2004 жылдары аралығында «Ерасыл» шаруа қожалығын басқарып, артынша Үржар ауданының Некрасов ауылдық округінің әкімі болды. 2006 жылдың қыркүйегінен бастап Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды. Ал 2008 жылдан осы күнге дейін Үржар ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарды.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі