ШҚО-да Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды

Жұма, 10 Қараша 2017 15:32

ШҚО-да бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуда үлес қосқан бірқатар азаматтар «Достық үйіне 25 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Құрметке лайық болған ҚХА мүшелеріне төсбелгіні облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова тапсырып, тілегін білдірді.
– 25 жыл ішінде облыста ұлтаралық татулықты нығайтып, ауызбіршілікті насихаттағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Қазақстандағы алғашқы Достық үйінің қабырғасын қалап, жастарды баулып, елге қызмет еттіңіздер. Бір шаңырақ астына жиналған халқымыздың ертеңі жастарға үлгі беріп келесіздер, – деді Әсем Нүсіпова.

Марапат барысында бірқатар ҚХА, этномәдени бірлестік мүшелеріне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты мен «Достық үйіне 25 жыл» мерекелік төсбелгісі табысталды.

Айта кетсек, жуықта Шығыс Қазақстанда «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» өзінің 25 жылдық мерейтойын қарсы алды. Шара барысында облыс әкімі Даниал Ахметов этомәдени бірлестік ұжымдарын мерейтойымен құттықтап, сыйлыққа Металлургтер мәдениет үйінің ғимаратын табыс еткен.