ШҚО инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 18 мың жұмыс орны құрылады

Жұма, 17 Қараша 2017 21:22

Шығыс Қазақстанның кәсіпкерлерді қолдау Картасына 967 миллиард теңгені құрайтын 79 инвестициялық жоба кірді. Президент тапсырмасына сай, басымдық экономиканың өңдеуші және өндірістік секторына беріліп отыр. Оның аясында 18 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

Келесі жылы Өскеменде толық айналымдағы көлік зауыты мен оған автоқосалқыларды шығарушы технопаркты іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа өндіріс ошағы 4 мың азаматқа жұмыс береді. Республикалық деңгейге шыққан жобалардың қатарындағы Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты да бар. Қазақстанның ірі индустриалды құрылысының біріне айналған кәсіпорын 1500 адамды еңбекпен қамтып отыр. Аймақта 2010 жылдан бастап жалпы құны 574 млрд. теңге болатын 45 жоба жүзеге асырылды. Мәселен, биыл мамырда Зайсан ауданындағы шаруа қожалықтардың бірі шағын ет комбинатын ашты.
– Жобаның құны 150 млн. теңге. Бүгінде ірі қара және ұсақ мал сою жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін 300 бас ірі қара сойылып, 98 пайыз қуатқа көшу жоспарланып отыр, - деді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысы Мақсат Мүсәпірбеков облыстық әкімдік отырысында. – Жалпы МИИДБ аясында жүзеге асқан 35 жоба 1-қазанда толық 100 пайыздық қуат күшіне көшкен.

2020 жылға дейін мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 393,4 млрд. теңге инвестициясы бар 11,3 мың жұмыс орнын қамтитын 34 жобаны іске асыру жоспарлануда.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Сурет: Шығыс Ақпарат