Өскеменде тұрғын үй аумағы толықтай электр қуатымен қамтылды

Жұма, 01 Желтоқсан 2017 13:55

Өскеменде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай №20 тұрғын үй аумағына электр қуаты берілді. Тұрғындармен жолыққан облыс басшысы Даниал Ахметов келер жылы су желісін де іске қосатындығын мәлімдеді.

ЖМК ауданында орналасқан №20 тұрғын үй ауданының тұрғындары су, электр желілерінің жоқтығын айтып, осыған дейін де шағымдарын жеткізген. Жаңа ауданда жеке меншік үйлер көптен салынғанмен, бірнеше жыл бойы сусыз, жарықсыз күн көріп келген. Іске қосылған жаңа желі тек үйлерге электр қуатын тасымалдап қана қоймай, көшелерді де жарықпен қамтамасыз етпек.
– Келер жылысу және жылу жүйесінің құрылысы қолға алынады. Жаңа жолдың да құрылысын жоспарлап отырмыз. Дәл осы жерден Самар тасжолына шығатын жаңа жол салынатын болады, – деді Даниал Ахметов.