ШҚО 2017 жылғы ішкі аудит нәтижелері талқыланды

Сейсенбі, 12 Желтоқсан 2017 14:25

ШҚО әкімдікте ағымдағы жылғы ішкі аудит қорытындылары талқыланды. Айта кету керек, аймақ басшысымен сәйкестік аудиттен өткізу үшін 52 нысанды мақұлданған. Кездесу барысында облыс әкімі Даниал Ахметов бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін атап өтті және ары қарай жетілдіруді тапсырды.

Ағымдағы жылдың 11 айында 47 нысанда ішкі тексеру өтті. Нәтижесіне сәйкес, бірқатар мекемеде бюджет қаражаты тиімсіз, негізсіз пайдаланылғаны анықталды. Мәселен, жыл арнасында 25 білім беру мекемесінде 1,1 млрд. теңге және 13 денсаулық сақтау ұйымында 3,3 млрд. теңге мөлшерінде қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тексеру нәтижесінде олар 100% қалпына келтіріліп, 15 мәлімет уәкілетті органға берілді. Аудиторлар анықтаған олқылықтар ескеріліп, олардың қайталануына жол бермеу үшін арнайы шаралар қолға алынды.

Жиын қорытындысы бойынша облыс басшысы Даниал Ахметов бұзушылықтың алдын-алу мақсатында аудиторлық қызметке көштің басында жүріп, жол көрсетуді тапсырды.
- Мемлекеттік органдарда құжат бойынша кеткен бұзушылықтардың себебі мен салдары барлық басшыларға белгілі болуы үшін тексеру жүйесін құрастыру қажет. Оның нәтижесінде кемшіліктерді болдырмауға, алдын-алуға мүмкіндік беретін нақты бағдарламаны әзірлеу керек. Бұл маңызды профилактикалық элемент болып саналады. Себебі кейде басшылар білместіктен немесе басқа да себептермен бұзушылықтарға жол береді, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Тілге тиек етсек, Шығыс Қазақстан ішкі аудит қызметінің барлық көрсеткіші бойынша республикада үздік. Бұл әлбетте, аталған бағыттағы істің тиімділігін айғақтайды.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі