Алакөл демалыс базасына арналған мобильді қосымша іске қосылады

Сейсенбі, 20 Ақпан 2018 12:31

ШҚО-да демаламын деуші туристерге арналған ұялы телефондағы QR-коды жұмыс жасайтын қосымша іске қосылмақ. Электронды сканерлейтін және төлем құжаттарын танитын мобильді қосымша аймақтағы ең танымал туристік нысан Алакөл демалыс базасына енгізілмек.

Жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті билік «Beeline» ұялы телефон операторымен келісімшарт жасасқан. Өскемендік «Кар-тел» ЖШС-і филиалының директоры Сергей Цойдың айтуынша, қызметті төлеу үшін ұялы телефоныңызға бірлік салып, сатушыда бар қызмет пен тауардың штрих-кодын сканерлесе жетіп жатыр. Ғаламтордың үздіксіз жұмыс істеуі үшін «Казақтелеком» АҚ сатушысына да бірқатар сұрақтар әзірленуде.
– Бұл өте ыңғайлы. Халыққа жағажайға өзімен бірге сөмке немесе әмиан тасып жүрудің еш қажеті жоқ. Телефон ғана керек. Қызметтің мұндай түрі ұрлық пен алаяқтықтың етек жаймауына да негіз болады, – деді ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев.

Аталмыш қызмет түрі Cash back амалының қолданушыларын да қуантатын болады. Ол сатып алатын заттың құны мен қызметін білдіреді. Сіз неғұрлым «электронды ақшаны» қолданар болсаңыз, соғұрлым жұмсалған ақшаңыз қайтарылмақ.

Турнысанның цифрлануы мұнымен аяқталған жоқ. Жақында демалушыларға ШҚО-дағы сакральды нысандар жайлы арнайы аудиогид баяндап беретін болады. Қазірдің өзінде кез-келген ерікті toureast.kz сайтына кіріп, онлайн-дауыс беруге қатыса алады. Сондай-ақ, сакральды аймақтар туристердің қосымша амалдар мәзіріне енуіне ықпал етеді. Айта кетейік, бұл қызмет түрі алдағы уақытта қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілінде қолжетімді болады.

ШҚО-дағы коммуникацияның аймақтық қызметінің баспасөз-конференциясы барысында, ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев айтып өткендей, халықтың көпшілігі демалысқа турагенттік және гидтердің көмегіне жүгінбей, өз еркімен шыққанды жөн санайды. Өз кезегінде, сол барар жердің тарихы мен ерекшелігін білу үшін осындай жаңашылдық қолға алынып отыр. Қазір амалдар мәзіріне енетін нысандар қатарына 34 сакральды аймақ енген. Олардың қатарында Абылайкит қамал-шіркеуі, Ақ-бауыр, Арқарбай Шоқантайұлы кесенесі, Ашутас тауы, Еңлік-Кебек мазары, Ф.М. Достоевский атындағы мұражай-үйі, «Алаш Арыстары» мұражай-үйі, «Өлімнен күшті» монументі және басқалары.

Әрбір турист аудиогидты ақысыз түрде қолдана алады, барлық жазбалар toureast.kz сайтындағы Play Market және App Store платформасындағы ашық қол жетімділікке енгізіледі.
– Амалдар мәзірінің онлайн, сонымен оффлайн-тәртібінде қолжетімді болуы аса маңызды. Мысалы, шалғайдағы бір жерге бардым, онда ғаламтор желісі нашар жұмыс істейді, осы кезде өзіме алдын ала аудиогид жазып алып, сол жерде емін-еркін қолдануыма болады. Жаздың ортасы – турмаусымның қызыған шағында, амалдар мәзірі қолданысқа енеді деп ойлаймын, – деді Жасұлан Сәрсебаев.

Сөз соңында айта кету керек, соңғы уақытта Шығыс Қазақстанда ішкі және сыртқы туризм қарқынды дамуда. Туристерді орналастыру саны жағынан ШҚО еліміз бойынша алдыңғы қатарда. Мұндай демалуышыларға арналған 495 орын бар.