Жуық арада еліміздің Шығысында «Қауіпсіз қала» жүйесін енгізу басталады

Жұма, 23 Ақпан 2018 16:43

ШҚО-да алғашқы жартыжылдықта «Қауіпсіз қала» жүйесін енгізу басталады, соның арқасында құқықбұзушылықтарды жедел тіркеу, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады. Осы үшін Өскеменде шамамен 4 мың камера орнатылуда.

Өңірде «Цифрлық Шығыс» тұжырымдамасы әзірленген. Ол үздік әлемдік қалалық орта трендтерін қолдана отырып, қала тұрғындарының барлық топтарының өмір сапасын өзгертуге мүмкіндік береді. 12 қанатқақты жоба бойынша жұмыс басталған, олар облыс орталығында сынақтан өтеді, кейін облыстың басқа қалалары мен елді мекендерінде қолданылады.
«Өмірді жаңғырту тақырыбын айта отырып, облыста енгізілетін заманауи цифрлық жобалар туралы айтпау мүмкін емес. Өскемен мен Семейде көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту бойынша жоба басталды, бұл электр энергиясын тұтынуды шамамен 60 пайызға төмендетеді. 25 мыңнан астам шам 15 жылдық кепілдікпен ауыстырылады», – деді облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің жыл сайынғы есептік баяндамасында.

Мұнымен қоса, Еуропалық Қайта құру және даму банкімен бірыңғай электронды билеттендіру жүйесін қолдана отырып, қоғамдық көлікті жаңғырту жобасын қаржыландыру мәселесі қарастырылуда.

Тұтас алғанда, «Ақылды қала» аясында қоғамдық қабылдау, «Цифрлық Шығыс» мобильдік қосымшасы, денсаулық сақтау және білім беру, коммуналдық шаруашылық салаларындағы ақпараттық жүйе енгізілетін болады.