Даниал Ахметов: «ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін арттыру үшін барлық жерде бизнесті жүргізуге жеңіл жағдай туғызу керек»

Сенбі, 24 Ақпан 2018 11:26

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есепті кездесу барысында кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету жұмыстың басым бағыты бола беретінін атады. Билікпен қабылданған шаралар өңірлік жалпы өнімдегі ШОБ-тың үлесін 17-ден 18,5%-ға арттырды.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бізге цифрландыруға, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға, бизнес-процестерді жақсартуға негізделген тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етуді тапсырды. Алайда, Президенттің тапсырмасын орындау және ЖІӨ-дегі ШОБ-тың үлесін 2050 жылға қарай екі есе (25-тен 50%-ға) арттыру үшін барлық жерде бизнесті жүргізуге жеңіл мүмкіндіктер туғызу керек», - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Тек өткен жылы ғана «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша Шығыс Қазақстанда 2,6 млрд теңгенің субсидиясы төленді және кепілдеме берілді, бұл облысты 2017 жылдың қорытындысы бойынша республикада бірінші орынға шығарды.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау шараларымен қатар, «Даму» қорымен жылдығы 8,5%-ды құрайтын, 7 жылға арналған, 2 млрд теңге көлемдегі жеңілдікті несиелеудің өңірлік бағдарламасы іске қосылды.
Облыста халықаралық қаржы институттарымен жұмыс белсенді жүргізіліп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі енгізілуде.

Жалпы инвестициялық портфель 752 млрд. теңгенің 263 жобасын құрайды.
163 млрд. теңгенің 168 жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатса, оның шінде 15 млрд. теңгелік 76 шартқа мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қол жеткізілген.
Мәселен, Өскемен қаласындағы 300 орындық көпсалалы аурухананың құрылысы бойынша конкурс өтіп, концессионер анықталған, шартты рәсімдеу бойынша аяқтау процедуралары жүргізілуде. Мұнымен бірге алғашқы жарты жылдықта Зырян қаласындағы орталық жылу көзін қайта құруға және Семей қаласындағы 200 орындық қалалық балалар ауруханасының жобасын дайындауға кірісетін концессионерлер анықталатын болады.

Сонымен қатар Еуропалық қайта құру және даму банкімен 9 жоба бойынша 40,5 млрд. теңгенің шарты мен келісіміне қол қойылған. Жұмыс бабында 46 млрд. теңгенің 3 жобасы тағы бар. Толықтай алғанда Еуропалық қайта құру және даму банкімен 259 млрд. теңгенің 94 жобасы қолға алынды, делінген облыс әкімінің баяндамасында.