Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті облыстық сотпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Сәрсенбі, 04 Сәуір 2018 13:01

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті  Шығыс Қазақстан облыстық сотымен  өзара ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты - сыбайлас жемқорлықты алдын-алу және жолын кесу, Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызмет және Әдеп кодексінің заңнама бұзушылықтарын алдын-алу және жолын кесу болып табылады.

Меморандум шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлықтың орын алуы, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу бағдарламалары, ақпарат және ағартушылық қызмет оқытуды енгізу бойынша облыстағы мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі