Арнайы мониторингтік топ Курчатов қаласы тұрғындарының жағдайдын жақсартады

Жұма, 27 Сәуір 2018 09:07

Шығыс Қазақстан облысының арнайы мониторингтік топ қызметкерлері 2018 жылғы 25 сәуір күні жергілікті арнайы мониторингтік топпен бірлесіп, Курчатов қаласының нысандарын аралады. Жұмыс сапары барысында  денсаулық сақтау, білім беру және т. б. ұйымдарда жергілікті және орталық атқарушы органдарда қызмет алушылардың қажетті жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ Агенттік тапсырмасын орындау мақсатында Арнайы мониторингтік топ шетелдік азаматтармен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына арнайы барып, олардың жұмыстарымен танысты.

Сапар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысы Ж.Қабдолдақызы, ШҚО әкімі аппаратының мониторинг бөлімінің басшысы М. В. Гагарина ұжым қызметкерлерімен кездесулер өткізіп, мемлекеттік қызмет саласында, мемлекеттік қызмет көрсету салаларында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі талаптарын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта түсірілген бейнероликтерді назарларына ұсынды.