Оқушылар арасындағы байқау мәресіне жетті

Сенбі, 28 Сәуір 2018 15:39

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің тапсырысы бойынша «ШҚО Талдау және болжау институты» ЖШС 2018 жылғы 20-30 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының жалпы білім беретін мектептердің 7-8 сыныптарында оқушыларының арасында (мемлекеттік тілде) «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.

Облыс бойынша барлық аудан, қалалардан 55-ке жуық шығарма жинақталған болатын. Жас буын өз ойларын көркемсөзбен жеткізді.

Тұжырымдамаға сәйкес, ұсынылған барлық жұмыстарды қарастырып, барлық критерийлер мен бағалау бойынша келесі қатысушылар үздік деп танылды: Рамазанов Нұрбек «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ «Б. Исадилов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 8 сынып оқушысы, Лихобабина Людмила Өскемен қаласы әкімдігінің «11» мектеп-лицейі» КММ 8 «М» сынып оқушысы, Талғатбекова Орынгүл «Абай атындағы орта мектебі» КММ 7 сынып оқушысы және Төкенова Бақытгүл «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ 8 «А» сынып оқушысы.

Конкурс комиссиясы мүшелері аталмыш байқаудың қатысушыларының баршасына алғысы зор. Әсіресе, мемлекеттік тілде тамаша эссе жазып, көзге түскен оқушыларды мақтан тұтатынын айтады.