Ұлы Отан cоғысы ардагерлеріне арналған мемориалдық тақтаның ашылуы

Жұма, 11 Мамыр 2018 14:24

2018 жылдың 8 мамыр күні Башкөл ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «Ұлы Отан соғысының құрбандары жүрегімізде» атты мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Биіктігі 7 метрді, ұзындығы 10 метрді құраған ескерткіш ауыл мектебінің жанында орналасқан және онда 300 Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімі жазылған. Ескерткіштің ашылуына аудан тұрғындары, жергілікті билік өкілдері және еліміздің әрбір жерінен келген майдангерлердің туыстары қатысты.

Салтанатты жиын аудан әкімі Д. Батырбаевтың, ауылдың құрметті ақсақалдарының құттықтау сөзімен ашылды. Құттықтау сөздерден кейін авторлары осы ауылдың тумалары боып келетін Руслан Насыров пен Люция Хамитованың «Әкелер рухына тағзым» атты кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылды. Ардагерлердің майданда көрсеткен ерліктеріне арналып мемориалдық тақтаның ашылуы және ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Соғыста қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіліп, метроном үнімен 1 минут үнсіздік жарияланды.
Ескерткіштің ашылуына белсенді ат салысқан тұрғындарға аудан әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді.

Іс-шара барысында Астана қаласының 20-жылдығына, Бесқарағай ауданының 90-жылдығына және ескерткіштің ашылу салтанатына орай, мемориалдық тақтаның маңында қонақтармен және ауыл тұрғындарымен 20 түп шырша ағаштары отырғызылды.

Іс-шара аудандық Мәдениет үйі әртістерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.