Студенттер сыбайлас жемқорлық туралы пікір таластырды

Бейсенбі, 17 Мамыр 2018 16:43

ШҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің тапсырысы бойынша «ШҚО Талдау және болжау институты» ЖШС студенттер арасында «Сыбайлас жемқорлық – жағымсыз құқықтық және әлеуметтік құбылыс» облыстық дебаттық турнирін өткізді.

Іс-шара пікірталастарға тарту арқылы жастардың күшімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған саясатты жүргізу және тұрғындардың аталмыш бағытта атқарылып отырған жұмыстары туралы хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында өткізілді.

Пікірталас алаңы облыстың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің ғимаратында өтті.

Турнир британдық-парламенттік формат бойынша екі тілде (мемлекеттік, орыс) өткізілді. Қатысушыларға төрт іріктеу раундынан өту қажет болды, соның нәтижесі бойынша жартылай финалға қатысушылар іріктелді.
Аталған тақырыпта 14 студент сөз таластырып, тамаша ойын көрсетті.
Турнир нәтижелері келесідей болды:
1 орын – Нұржанат Жекен (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, «Химия» мамандығы, 1 курс)
1 орын – Əділ Манапбай (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы», 2 курс)
2 орын – Бақдəулет Анас (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, «Физика» мамандығы, 4 курс)
2 орын – Ержан Ауезов (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың түлегі)
3 орын – Нұрболат Советханов (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, «Журналистика» мамандығы, 1 курс)
3 орын – Құндыз Ахметбекова (ҚАЕУ түлегі)
Үздік спикер – Жансая Жақсылық (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы», 2 курс)
Үздік төреші – Арайлым Панабек (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Кәсіптік оқыту мамандығы, 3 курс).

Турнир жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.