ШҚО-да XXI Халықтық спорт ойындары басталды

Жұма, 25 Мамыр 2018 13:37

ҚР Астанасының 20 жылдық мерейтойы аясында ШҚО ХХІ Халықтық спорт ойындары басталды. Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов киіз үй қалашығы мен этноауылды аралап, әртүрлі этнос өкілдерінің ұлттық спорт ойындарын тамашалады. Айта кету керек, Шығыс Қазақстан ел ішінде облыстық деңгейдегі Олимпиада іспеттес ойындар өткізетін жалғыз өңір. 

ШҚО – көпұлтты аймақ, сондықтан киіз үй қалашығында әр аудан түрлі халықтың бай дәстүрі мен ғұрыптарын бұқара назарына ұсынды. Мәселен, Көкпекті ауданының шаңырағында облыс әкімі қазақ елінің «тұсау кесу» салтына қатысты.
Қалашықтағы әр киіз үйде халықтың тынысынан сыр шертер тұрмыстық заттар, ұлттық киімдері мен зергерлік бұйымдарын көруге болады. Атап айтқанда, Семейдің шеберлері қазақтың «іс тігу», «жүн сабау», «жүн иіру» сияқты қолөнерлерін көрсетті.
Тұрғындар тек қазақтың емес, сондай-ақ, мемлекетте тұратын барлық ұлттың өкілінің төл дәстүрлерін тамашалай алды. Мысалы семейліктер татар ұлтының «Құда той», яғни, келінді таныстыру салтын көрсетті.
Мерекелік көңіл-күйді өңірдің белгілі шығармашылық ұжымдары да арттырады түсті. Бұдан бөлек, Тарбағатай ауданы қазақ халқының бүркітпен аң аулау өнерін көрсетті. Ол қазақ мәдениетінің ерекше бөлімі болып табылады.
«Бір шаңырақ астында» киіз үй фестивалінде болған аймақ басшысы «Бір халық – бір тағдыр» тұғырына біріккен Қазақстан халқының мол мұрасын өскелең ұрпаққа көрсету міндет екенін айтты.
- Әр киіз үйде қазақ, татар, орыс және басқа ұлттардың мәдениетін, яғни, біздің елде бірлік пен келісімде тұрып жатқан сан алуан ұлттардың мәдениетін көре аламыз. Және ғана қазақ елінің баланың тұсауын кесу рәсіміне қатыстып, сондай-ақ, татарша келін беру, орыс ұлтының қонақ күту дәстүрін тамашаладым. Бұл, ең бірінші, Қазақстан халқының татулығын көрсетеді. Біздің басты құндылығымыз да осы, сондықтан сақтауымыз керек, - деді ШҚО әкімі.
Айта кету керек, «Бір шаңырақ астында» киіз үй фестивалі Халықтық спорт ойындары аясында басталды. Биыл іс-шара Өскемендегі ииподромда өтуде. Барлығы 17 киіз үй қойылды.
XXI Халықтық спорт ойындары 21 спорт түрінен өтеді. Қатысушылар көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, бәйге, қол күресі, гір тасын көтеру және басқа да ойын түрлерінен бақ сынасады. Бағдарламада славян халқының «Лапта», украиннің «Биік емен», поляктардың «Балықшы және балықтар», татар халқының «Тұсалған жылқылар» атты ұлттық ойындары бар. Барлығы 8 этнос өкілдері өздерінің ұлттық ойындарын көрсетеді.
Халықтық спорт ойындарына сондай-ақ, мектеп оқушылары да қатысуда. Бүгін 1200 өскемендік бала шахмат, асық ату, арқан тарту, сан түрлі эстафета ойындарында бақ сынасты.
- Біздің мақсат межесіне жетті. Халықтық спорт ойындары арқылы, біздің ұрпақ ұлтына қарамастан Халықтық спорт ойындары Қазақстан халқының ортақ мұрасы екенін ұғынуда. Зор мақтанышымыз – ел бірлігінің түп негізі осы, - деді Даниал Ахметов.
ШҚО әкімінің жүлдесіне ұйымдастырылған сайыс төрт күн бойы жалғасады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі